Лұғат жайлы

Лұғат – қазақ тілінің сөздіктер кешені. Лұғат - тегін сөздік сервисін ұсыну мақсатында жұмыс жасап жатқан бейкоммерциялық бағыттағы қоғамдық игілік.

Лұғаттың тарихы 2012 жылы сәуір айында бастау алды. Бас кезіндегі идея тек қазақша-ағылшынша сөздікпен ғана шектелген болатын. Сол жылдың күзінде Лұғатқа қазақ тілінің түсіндірме сөздігі қосылды. Іле шала 2013 жылдың басында орфографиялық, аймақтық және синонимдер сөздігі қатарға қосылды. Бұл сөздіктердің бірінен соң бірінің қосылуы сұранысқа сай жүзеге асты. 2013 жылдың соңында қазақша-орысша сөздікті қостық. Сонымен 2014 жылдың басында Лұғатта кешен ретінде жалпы сөздік қоры 350 000 сөзді құрайтын 8 сөздік болды.

2014 жылдың жазында Лұғат жаңа бағыт алды, ендігі кезек краудсорсингтік платформада еді. Бұл дегеніміз Лұғатты «халықтық сөздік» деп жариялау еді. Кез келген қолданушы әлеуметтік желі арқылы тіркеліп өзі қалаған сөздікке сөз қоса алады немесе сол сөздікке модераторлық ету құқығына ие болады деген сөз. Бұл қадам Лұғатқа ерекше серпіліс әкелуде. Себебі, біріншіден Лұғатқа жаңадан, арапша және түрікше, екі сөздік қосылуда. Яғни бұл сөздіктерді халық өзі толтыруда, әр сөздіктің өз модераторы бар және контентке өздері жауап береді. Екіншіден, Лұғаттың жалпы сөздік қоры 534 000 сөзге бірақ жетті.

Енді сол сөздіктердің статистикасына көз жүгіртсек:
Ағылшынша-қазақша сөздік - 113315 сөз
Қазақша-ағылшынша сөздік - 113315 сөз
Орысша-қазақша сөздік - 95118 сөз
Қазақша-орысша сөздік - 95118 сөз
Түсіндірме сөздік - 84696 сөз
Түрікше-қазақша сөздік - 41773 сөз
Қазақша-түрікше сөздік - 41773 сөз
Аймақтық сөздік - 16862 сөз
Орфографиялық сөздік - 16540 сөз
Синонимдер сөздігі - 8246 сөз
Арабша-қазақша сөздік - 2605 сөз
Қазақша-арабша сөздік - 2605 сөз

Краудсорсингтік платформаның арқасында Лұғаттың қатарына кеудесінде намысы бар қыз-жігіттер қосылуда. Осы еріктілерден құралған команданы біз Лұғаттықтар деп атаймыз, себебі олардың әрқайсысы Лұғаттың ажырамас бір бөлігі.

Қазір мына еріктілер келесі жұмыстарды атқаруда:
Айбек Өжкен
Идея авторы
Бақытжан Ерғали
Бас кеңесші
Арман Әлменбет
Қазақ тілі маманы
Дәурен Бөрібай
IT маманы
Асылхан Үйсінбаев
Қазақша-орысша-қазақша сөздік
Табылмаған сөздермен жұмыс
Нұрхан Қалқаманұлы
Түсіндірме сөздік
Табылмаған сөздермен жұмыс. Базаны толтыру
Гүлім Бекжігітова
Экологиялық сөздік (қазақша-ағылшынша)
Сөздікті жаңадан теру
7803 сөз.
Марал Демеу
Саяси сөздік (түсіндірме)
Сөздікті жаңадан теру
1003 сөз.
Ақерке Оразғалиева
Заң сөздігі ( қазақша-орысша)
Сөздікті жаңадан теру.
Әлішер Герей
Қазақша-арапша сөздік
Сөздікті жасақтау
657 сөз.
Bauyrzhan Abdikadyr
Қазақша-арапша сөздік
Сөздікті жасақтау
9 сөз.


Лұғат әлеуметтік желіде
Twitter https://twitter.com/lugatkz
Facebook https://www.facebook.com/pages/%D0%9B%D2%B1%D2%93%D0%B0%D1%82/138566519573006?ref=hl
ВКонтакте https://vk.com/lugat.dictionary


Тек, бейкоммерциялық жоба болғандықтан Лұғат сыртқы инвестициялық және басқа да қолдауларға зәру.
Қазіргі сәтте келесі мәселелерді шешу үшін қолдау керек:
• Техникалық мәселелер (сайттың жылдамдығын күшейту, хостинг мүмкіндіктерін арттыру)
• Ақпараттық мәселелер (сөздік қорды толықтыру, сөздіктерді теру, сөздіктерге құқықты сатып алу)
• Жарнамалық мәселелер (газет-журнал мен ТВ жарнамалары, инернеттегі ақылы жарнама, тақырыптық сайттарға баннер орналастыру)
• Адам ресурстары (Лұғаттықтар қатарын толықтыру, Лұғатты әртүрлі сайттар мен платформаларда тіркеу, әлеуметтік желілерде топтарға модераторлық ету, сөздіктерді қолмен теру арқылы электронды форматқа түсіру)

Лұғаттың ақпараттық жағынан қанат жаюына қолдау көрсеткен ақпарттық сайттар мен порталдарға алғысымызды білдіреміз. Олардың қатырында Керекинфо, Сұрақ-жауап, Намыс, Массагет, Мәртебе, Мемлекеттік тілді қолдау институты, ҚарМУ-дың филология факультеті бар.

ҚарМУ-дың филология факультетінің ұстаздары Ләззат Қожахметова мен Жанар Қожа бастаған топқа сөздіктер қорын толтыру мен таралуда атқарып келе жатқан еңбектері үшін ерекше алғыс білдіреміз.

Бұған қоса қаржылық жағынан демеу болып келе жатқан Қарағанды қаласында орналасқан "Нәтиже" компаниясына айтар алғысымыз шексіз.

Егер де сіз Лұғатқа қаржылық қолдау білдіргіңіз келсе төменде, көрсетілген реквизиттерді пайдаланып қаржы аудара аласыз. Көмектің үлкен кішісі болмайды.
Лұғатқа төлем жасау жолдары:
Банктік картаға аударым жасау:
ҚазКом: 4003 0327 2839 4869 Aibek Ozhkenov

PayPal арқылы аударым жасау:
Aibek Ozhkentegi
ozhkenov.a@mail.ru


QIWI-әмиян. Кез келген терминалдан аудара аласыз
QIWI-әмиян нөміріміз: +7 705 773 55 88

Байланыс:
Ұялы: +7 705 773 55 88
е-пошта: ozhken.a@gmail.com
Facebook: https://www.facebook.com/ozhkenov.a
ВКонтакте: https://www.instagram.com/ozhkentegi/
Twitter: https://twitter.com/ozhkentegi
Skype: aibek.ozhken72
Достарыңмен бөліс:

Серіктестер